Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әр қазақтың жүрегінде домбыра үні»
29.06.2022

2022 жылдың 29 маусымында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру және Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында «Әр қазақтың жүрегінде домбыра үні» атты музыкалық кеш өткізді.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерге арналған «Дружба» Қостанай облыстық оңалту орталығының пациенттері мен қызметкерлері қатысты.

Қызықты деректер мен жүректі толқытар домбыра әуендері осы іс-шарада бір жерде тоғысты. Домбыраның табиғи дыбысы, кең залды толтырған домбыраның күмбірі мен музыканттардың тамаша шеберлігі кешке жиналғандардың жүрегін жаулап алды.

Бағдарлама аясында алдағы мерекенің тақырыбын ашатын кітап көрмесі ұсынылды. Тыңдаушылар тек оқуға ғана емес, сонымен қатар тыңдауға да болатын ерекше басылымдармен танысты. «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» және «Даналық әліппесі» секілді жинақтар кездесуге келгендердің барлығының шынайы қызығушылығын тудырды.

Іс-шара дәстүр бойынша кездесу қонақтарымен және қатысушыларымен ұжымдық естелік суретке түсумен аяқталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus