Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Күн астындағы кітап»
05.08.2022

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК әмбебап оқу залы жыл сайынғы «Жазғы оқылым» әлеуметтік-мәдени акциясының жұмысын жалғастыруда. Жаз –жұрттың асыға күтетін жыл мезгілі! Жұмыстан қол босайтын, жазғы демалысқа шығып, саяхат жасайтын және армансыз кітап оқитын уақыт!

Әлемнің ұлы ғажайыптары, таңғажайып махаббат хикаялары, балаларға арналған қызықты әңгімелер мен ертегілер, сабақ алар күнделікті өмірде орын алып жататын мінез-құлық, дәмі тіл үйірер аспаздық рецепттер, қызықты астрология мен нумерология, сұлулық пен ұзақ өмір құпиялары, зияткерлік үстел ойындары – шахмат пен дойбы. Қазақ және орыс тілдеріндегі кез келген тақырып пен талғамға арналған кітаптар!

Мұның үстіне таңдаған кітабыңызды орталық саябақтың жасыл жапырақтардың көлеңкесіне қойылған орындықтарына жайғасып алып оқуға болады. Сондай-ақ лайықты қарсыласпен шахмат ойнау, өзіңіз ұнататын газеттер мен журналдарды қарап шығу, кітапханашымен әңгімелесу және жаңа кітаптарды талқылау мүмкіндігі де бар.

Барлық кітап пен кітап оқуды ұнататындарды қалалық мәдениет және демалыс саябағына шақырамыз! 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus