Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Адалдық алаңындағы бәйтерек»
21.10.2022
20 қазан күні Қазақ әдебиеті апталығы аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, жерлесіміз Төлен Әбдікпен кездесу өтті. 
Төлен Әбдік – қазіргі қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан автор. Оның шығармалары туған жерге деген сүйіспеншілігімен, қоғам мен адамгершілік мәселелеріне назар аударуымен,  рухани құндылықты дәріптеуімен және оқиғаны өзіне тән үлгіде баяндауымен ерекшеленеді.
Іс-шара барысында Төлен Әбдік өзінің шығармашылық жолы туралы, оны шабыттандыратын авторлар туралы, жазушылықтан басқа айналысатын әуестіктері туралы айтып берді.
Кеш достық ахуалда өтті, көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара соңында Төлен Әбдік кешке қатысқан жастарға түрлі кеңестер беріп, олардың алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus