Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
# 8 Марта
06.03.2023

Юсупова Салиха Салиховна 1948 жылы 2 қаңтарда Жітіқара қаласында дүниеге келген.

1955–1966 жылдары мектепте білім алды. 1966 жылы 16 қыркүйекте облыстық кітапхана жанындағы бір жылдық кітапхана оқуына қабылданды.

1968–1973 жылдары  Н. К. Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтында оқыды.

Кітапханадағы жұмысын 1967 жылы Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бастады. Қатардағы кітапханашыдан Абонементтер бөлімінің  меңгерушісіне дейінгі еңбек жолынан өтті, өз кәсібін жетік меңгерген маман болды. Өз ісін жетік білетін ол қашанда зор ынтамен жұмыс істеді.

2007 жылдың ақпан айында еңбек кітапшасында жұмысқа қабылданғаны туралы жалғыз ғана жазуы бар ол зейнеткерлік демалысына шықты. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Салиха Салиховна көптеген жылдар бойы әдеби-кеңес беру орталығын басқарды, онда оқырмандардың шығармашылық адамдарымен кездесулерін ұйымдастырды.

Кітапханада егер жаңа қызметкер «Салиханың мектебінен» өткен болса, онда одан жақсы маман шығады деген пікір қалыптасты. Ол жас маманның әрқайсысын жас баладай тәрбиеледі, кітапханашы мамандығына деген сүйіспеншіліктің отын тұтатып, өзінің жеке басының үлгісімен таңдаған ісіне адал болуға шабыттандырды.

Адамдар үшін еңбек ету, жеке басының қызығушылықтарын тежей білу, ортақ істің мүдделеріне ұмтылу – әріптестерін оған ұқсауға, өз ісін сүйіспеншілікпен, жоғары кәсіби деңгейде жасауға итермелейтін Салиха Салиховна мінезінің басты ерекшеліктері.  

Салиха Салиховна Юсупованың кітапхана саласына сіңірген еңбегі лайықты бағасын алды: 1970 жылы Қазақстан КП Қостанай облыстық комитеті бюросының, Қостанай облыстық еңбек депутаттары кеңесі облыстық атқару комитетінің және Қостанай облыстық кәсіподақтар кеңесі төралқасының қаулысымен «Ерлік еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталды. 1985 және 1987 жылдары кітапхананың Құрмет тақтасына ілінді. «Еңбек ардагері» медалімен (1990), «Мәдениет және өнер саласындағы ерен еңбегі үшін» (1999), «Мәдениетті қолдау жылына» (2000) орай Қостанай облысы әкімінің сыйлықтарымен марапатталған.

С. С. Юсупова туралы ақпарат «Қостанай облысы» энциклопедиясына енгізілген.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus