Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мамандыққа алғашқы қадам»
06.03.2023

2023 жылдың 20 ақпаны мен 1 наурызы аралығында «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ жұмысты жаңадан бастаған кітапханашыларға арналған «Мамандыққа алғашқы қадам» мектебінің сабақтары өтті. Мектептің мақсаты: жұмысты жаңа бастаған кітапханашыларға кітапхана мамандығын игеруге көмектесу, кітапхана жұмысы мен оқырмандарға қызмет көрсетудің ерекшеліктерін көрсету.

Дәрістерді кітапхана бөлімдері мен секторларының меңгерушілері оқыды. Кітапханашылар сабақ барысында алуан түрлі тақырыптарды қарастырды. Олардың ішінде Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың тарихы, кітапхананың өлкетану жұмысының негіздері, кітапхана статистикасын түсіну, кітапхана қорларымен жұмыс: оларды сақтау, орналастыру және есепке алу, сондай-ақ кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты (каталогтар, картотекалар, көрсеткіштер және т. б.) және т. б. тақырыптар болды. Сонымен қатар мамандарға кітапқа шолуды жазу және өткізу бойынша,  медиасауаттылық бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.

Мектепті аяқтаудың нәтижесі ауызша емтихан тапсыру болды. Барлығы дерлік оны жоғары деңгейде тапсырды. Бұл дегеніміз олар мамандыққа алғашқы қадамды абыроймен жасады және кітапхана ісінің құндылықтарын жалғастыратын болады деген сөз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus