Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Нұр құшып Наурыз келді өлкемізге»
14.03.2023

14 наурызда Қазақстанда Көрісу күні аталып өтеді. Осы күннен бастап Наурыз мерекесі басталады. Бұл күні жұрттың бір-бірін көктемге аман-сау жетуімен құттықтау, келген жылдың құтты болуын тілеу, ізгі тілектер айту, аға буынға құрмет көрсету әдетке айналған. Бүгін Өлкетану әдебиеттері бөлімі көктемгі мерекеге арналған «Нұр құшып Наурыз келді өлкемізге» атты көрісу кешін өткізді.

Шығармашылық қауым өкілдері, студент жастар, кітапхана оқырмандары мерекелік кештің құрметті қонақтарына айналды. Тұрмыстық заттар қойылған, ұлттық киімдермен және дәстүрлі сәндік бұйымдармен безендірілген киіз үй көрінісі, қазақ асханасының мерекелік тағамдары, домбыра мен қобыздың әуезді дыбыстары, «Ақ қауырсын» әдеби клубына қатысушылардың театрландырылған қойылымы жүрекке жылы, қонақжайлылық лебі есіп тұрған мерекелік ахуалды сезінуге көмектесті.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus