Боккаччо 1313 жылы 16
маусымда Чертальдода дүниеге келген. Ол жасөспірім кезінде-ақ әдебиет пен
жазушылыққа деген құштарлығын көрсетті.
Джованни
Боккаччо Данте Алигьеримен және
Франческо Петраркамен бірге итальян әдебиетінің алтын ғасыры өкілдерінің бірі
болды. Ақын және жазушы өзінің шығармашылығымен Қайта өрлеу дәуірі мәдениетіне
үлес қосты. Оның шығармалары бүкіл әлемге танымал және классикалық әдебиет
тарихы курсына енгізілген. 1350–1353 жылдары Бокаччо «Декамерон» кітабын жазумен айналысты.
Гуманистік
идеяларға, еркін ойлау мен антиклерикализм рухына толы, сопылық моральды
қабылдамайтын, көңілді әзілге толы шындыққа жақын әңгімелерден тұратын бұл кітап
итальяндық қоғам моральдарының жалпы көрінісі болып табылады. 40 жасында жазушы
«Ворон» әңгімесін жазады. Өзінің өмірі
мен философиясын талдай отырып ол әйелдерді екіжүзділігі, айлакерлігі және
өтірік айтатыны үшін айыптайтын шығарма жазды, бұл оның алғашқы шығармаларына
қайшы келді.
1351–1355
жылдар аралығында ақын өзінің пір тұтатын тұлғасының өмірбаянын сипаттайтын
«Жизнь Данте» трактатын жазумен айналысады. Авторды күндер мен оқиғалардың
дәлдігінен гөрі туындының рухани жағдайы көбірек қызықтырды. Бұдан басқа
жазушының қаламынан «Малый трактат в похвалу Данте» шығармасы және
«Божественной комедии» туралы аяқталмған дәрістер циклі дүниеге келді.
Джованни Боккаччоның шығармаларына «О знаменитых
женщинах», «Генеалогия богов» және «О несчастиях
знаменитых людей» туындылары да жатады. Бұл
афоризмдері бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылатын пайымдаулар мен
философиялық идеялардан тұратын кітаптар. |