Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ердің атын еңбек шығарар»
19.09.2023
«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де Қазақстан Республикасындағы Еңбек күні қарсаңында зағип кәсіпкер А. В. Зелевскиймен кездесу өтті.
Андрей Зеленский ешқашан экология мәселесіне бейжай қараған емес. «Аяқ астында жатқан кез келген нәрсе адамның тағы бір керегіне жарауы мүмкін», - дейді ол. Андрей Викторович қалдықтарды өңдеумен айналысады, өз шикізатын пайдалана отырып құм-полимерлі тақталар шығаруды жолға қойды.
Кездесу жылы, өзара сенім жағдайында өтті. Көрермендер әртүрлі сұрақтар қойып, қалдықтарды сұрыптау қалай жүретінін, онымен кімдер айналысатынын білді. Мемлекеттік қолдау, субсидиялар, бағдарламалар мен гранттар туралы айтып беруді сұрады. Барлық сұрақтарға қонақ өте қарапайым және түсінікті жауап берді. Кездесуге «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ студенттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курсын тыңдаушылар, «ҚСҚ» ҚБ оқырман мүшелері қатысты.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus