Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тарих пен таным тамыршысы»
21.02.2024
21 ақпанда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-нде қазақстандық танымал ағартушы, шығыстанушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбаймен «Тарих пен таным тамыршысы» атты кездесу өткізді. Іс-шараға мектеп-интернаттың оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері, облыстық мәдениет мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Санжар Керімбай өзінің көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібекұлына арналған «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты жаңа кітабын таныстырды. Сондай-ақ ол өзінің өмірбаяны, шығармашылығы, қоғамдық ұстанымы туралы айтып беріп, жиналған жұрттың көптеген сұрақтарына жауап берді. Барлық тілек білдірушілер кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды. Үлкен қызығушылық тудырған кездесудің өңір тұрғындарының мәдени деңгейі мен ұлттық санасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Іс-шара соңында Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың «Айналайын» хорының орындауында «Арқалықтың ақ таңы» әні шырқалды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus