Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Портрет в театральном обрамлении»
29.03.2024
29 наурызда әдеби қонақжайда Қостанай облыстық орыс драма театрының жетекшісі Юрий Иванович Ивлевтің бенефисі және «Портрет в театральном обрамлении» атты Ф. И. Шаляпиннің портреттер көрмесінің ашылуы өтті.
Юрий Иванович Қостанай облысының мәдениет саласында 1989 жылдан бастап жұмыс істейді. «Космос» МҮ директоры, «Текстильщик» мәдениет сарайының, Кәсіподақтар мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі, облыстық Достық үйінің директоры болды. Көптеген жылдар бойы «Орыс қауымдастығының» төрағасы болды.
2009 жылдан бастап Ю. И. Ивлев Қостанай облыстық орыс драма театрын басқарады. Осы уақыт ішінде театр бірнеше рет республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты атанды.
Кәсіби жұмысы мен Қостанай облысындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы зор еңбегі үшін Ивлев Юрий Иванович ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет министрінің, Қостанай облысы әкімінің медальдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ресей Федерациясымен арадағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Пушкин медалімен» марапатталды.
Ю. И. Ивлевпен кездесуге оның достары, әріптестері, театр студияларының қатысушылары және қаланың жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының студенттері келді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus