Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
22.05.2024
Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!
Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Дүйсембаева Ботакөз Әділбекқызы – «Рухани қазына –2024» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінің облыстық турының «Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпазы.
Абонементтер бөлімінің кітапханашысы Табаева Наталья Александровна – мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасы.
Әмбебап оқу залының сектор меңгерушісі Фёдорова Валентина Павловна – мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасы.
Өлкетану әдебиеттері бөлімінің бас әкімшісі Борисенко Раиса Ивановна – еліміздің мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хаты.
Құрметті әріптестер, шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге шығармашылық шабыт, жаңа идеялар, сарқылмас қуат, денсаулық пен сенімділік, бейбіт өмір мен жақсылық тілейміз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus