Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Табиғат тазалығы – ұлт саулығы»
21.06.2024
2024 жылғы 20 маусымда «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Алтынсарин ОКЖ Краснокордон ауылдық кітапханасында «Табиғат тазалығы – ұлт саулығы» атты облыстық көшпелі семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экология акциясын ілгерілету, сондай-ақ халықты экологиялық ағарту бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу болды.
Семинарға облыстық, қалалық және аудандық ОКЖ қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары мен меңгерушілері қатысты. Пленарлық отырыста «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының м. а. Әбденова Дина Мұратбекқызы және семинар қонақтары «Neco» ЭКО клубының басшысы Бірмағамбетов Наурызбек және «Аманат» партиясының Алтынсарин аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қасымов Абылай Төлендіұлы сөз сөйледі.
Алтынсарин ОКЖ қызметкерлері семинар аясында «Туған өлкенің орман жолы» экологиялық соқпағы және «Біздің жердің эко әлемі» тақырыбымен орман шаруашылығы бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды.
Іс-шара кітапханашылар арасында білім мен тәжірибе алмасу үшін жемісті алаң құрып, кәсіби дағдыларды дамытуға және халық арасында экологиялық білім беруді ілгерілетуге ықпал етті.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus