Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ұлылардың махаббат туралы айтқандары» 03.04.2025 | «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» Қазақстандағы ұлттық Ғашықтар күніне орай «Ұлылардың махаббат туралы айтқандары» атты кітап көрмесін дайындады. Көрмеде махаббаттың түрлі аспектілерін – қайғылы сәттерінен бастап оның мәңгілігін бейнелейтін классикалық қазақ шығармалары да, әлемдік әдеби мұра да ұсынылған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ләйлі – Мәжнүн» секілді қазақ поэмалары мен эпостарына ерекше назар аударылған. Бұл шығармалар сезімдердің тазалығы мен құрбандығын мадақтай отырып ұлттық мәдениет рухы мен махаббат философиясын дәріптейді. Сонымен қатар көрмеде әлемдік сөз шеберлерінің: шығыс ақындарының, белгілі еуропалық және орыс авторларының (Петрарка, Анна Ахматова, Марина Цветаева) кітаптары ұсынылған. Экспозицияны махаббат пен өмір жайындағы өлеңдері жалпы жұртты толғандыратын және шабыттандыратын қазақтың ұлы авторлары – Абай, Шәкәрім, М. Мақатаев және т. б. шығармалары толықтырады. Көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|