Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Жамбыл әлемі» | 09.01.2026 | Қазақстанның атақты халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жамбыл әлемі» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрме келушілерді көрнекті ақынның өмірімен, шығармашылығымен және мәдени мұрасымен таныстырып, оның қазақтың әдебиеті мен ұлттық мәдениетіне қосқан үлесін көрсетеді. Көрмеде Жамбыл Жабаевқа арналған өлеңдер жинағы, дастандар мен жарияланымдар: «Шығармалары», «Таңдамалы шығармалар», «Өлеңдер. Айтыстар. Дастандар», «Я - тополь столетний» ұсынылды. Көрмені оның шығармашылығын зерттеуге арналған және ақынның өмірі туралы материалдар: Есім Ғ. «Әйгілі есімдер: эсселер кітабы», Қалижанов У. «Жамбыл: роман-этюд», Сыдықов Е. «Жабаев» толықтырады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін көрмеге Жамбыл Жабаев туралы шығармалардың электрондық нұсқаларына, аудиожазбаларға және қосымша материалдарға өтуге мүмкіндік беретін QR-кодтар қойылған. 2026 жылдың 09 қаңтарынан 26 ақпанына дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|