Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «БҰҰ-ның қазіргі әлемдегі рөлі» | 02.02.2026 | Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде Қазақстанның БҰҰ-на кіруінің 35 жылдығына арналған «БҰҰ-ның қазіргі әлемдегі рөлі» атты кітап көрмесі қойылды. Қазақстанның БҰҰ-на толыққанды мүшелігі экономика, денсаулық сақтау, білім беру, экология, әлеуметтік қорғау саласындағы ұлттық мүдделерді қорғауға мүмкіндік берді. Көрме үш бөлімнен тұрады әне олардың әрқайсысы жеке тақырыпты ашады. «БҰҰ: құрылу тарихы және миссиясы» бөлімі Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуының алғышарттарын және оның жұмысының негізгі мақсаттарын ашады. Оқырмандарға Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жүйесіне қосқан үлесі туралы орыс және мемлекеттік тілдердегі «Әлемдік саясат шыңында», «Казахстанский путь – 2050» кітап басылымдары ұсынылған. БҰҰ-ның тарихы мен рөлі туралы аудиодискілер мен мақалалар қойылған. «Адам құқықтары – барлық халықтар үшін ортақ құндылық» атты екінші бөлімінде Брайль қарпімен басылған материалдар, БҰҰ-ның адам құқықтарын халықтар арасындағы бейбітшілік, әділеттілік пен теңдіктің негізінде жатқан басты құндылық ретінде бекітудегі рөлін ашатын QR-кодтар көрсетілген. «БҰҰ-ның Қазақстандағы рөлі мен ықпалы» бөлімінде оқырмандардың назарына көп жақты дипломатия жайындағы, БҰҰ-ның Қазақстандағы жұмысына, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, экологиялық жобалар мен гуманитарлық бастамаларға қосқан үлесіне арналған «Казахстан в международном сообществе», «Республика Казахстан и современный мир» атты басылымдар ұсынылған. Көрме зағип оқырмандарға бейімделген: QR-кодтар, аудиодискілер орналастырылған. Тақырыпқа қатысты ақпараттық материалдар мен тақырыптық дәйексөздер Брайль қарпімен орындалған. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|