Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Заң еліне саяхат» | 02.04.2026 | Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Заң еліне саяхат» атты құқықтық квест өтті. Іс-шара қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерімен интерактивті түрде танысуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен кодекстерінің мәтіндерімен тікелей жұмыс істей отырып оқушылар жоғары білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және командалық рухты көрсетті. Кездесуге құрметті қонақтың – Қостанай қ. ПБ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция майоры Сейітов Мейрам Оразбайұлының қатысуы кездесудің маңыздылығын арттыра түсті. Спикер командалардың шешімдеріне кәсіби түзетулер енгізіп, балаларға киберқауіпсіздік бойынша құнды кеңестер берді. Оның кеңестері қатысушыларға заңдардың қысқаша баяндалған мәтіндерінен тыс, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстармен танысуға мүмкіндік берді. Іс-шараға С. Мәуленов атындағы гимназия мен А. М. Горький атындағы гимназияның 8-10 сынып оқушылары және «Қостанай колледжі» мекемесінің студенттері қатысты. «Заң еліне саяхат» квесті жастарға өз білімдерін тексеріп қана қоймай, күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|