Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Туған жердің тарланы» | 17.04.2026 | 17 сәуірде «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың және тәуелсіз «Алтын қалам» сыйлығының иегері, Қостанай облысының, Қостанай қаласының және Жітіқара ауданының құрметті азаматы, ақын, жазушы, драматург Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының 13 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында қаламгердің көпжылдық шығармашылық жолы мен әдеби мұрасы кеңінен таныстырылды. Тұсаукесерге қатысқан жазушылар мен әдебиеттанушылар Ақылбек Қожаұлының қазақ әдебиеті мен қоғамның рухани өміріне қосқан үлесін жоғары бағалап, оның шығармаларындағы ой тереңдігі мен көркемдік ерекшеліктерді атап өтті. Тұсаукесер кеші мазмұнды пікір алмасуға ұласып, өңірдегі жерлес қаламгерлердің шығармашылығын дәріптеуге бағытталған тағылымды рухани кездесу болды. #ҰлттықКітапКүні2026 #НациональныйДеньКниги2026 | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|