Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Тарих сабағы – өткенге көрсетілген құрмет» | 18.05.2026 | Құрметті оқырмандар! 18 мамырдан бастап Әмбебап оқу залында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих сабағы – өткенге көрсетілген құрмет» атты тарихи-танымдық кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Бұл күн тарихтың қайғылы кезеңдерін – миллиондаған адамдар әділетсіз қудалаудың құрбаны болған сталиндік террор уақытын еске түсіреді. Көрмеде «Азаттық таңын аңсаған арыстарым!», «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы», «Алашорда және Ілияс Жансүгіров», «Репрессия құрбандары» секілді кітаптар мен мақалалар қойылған. Көрме қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтардың тағдыры, жер аударылған халықтар, ашаршылық құрбандары туралы баяндайды, сондай-ақ тарихшылардың ғылыми еңбектерімен және деректі материалдармен таныстырады. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Көрме туралы бейнеролик жасау үшін заманауи жасанды интеллект құралдары пайдаланылды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|