Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үлкен әлемнің кішкентай суретшілері»
01.06.2026
1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Отражение» жеке балалар студиясының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларының «Үлкен әлемнің кішкентай суретшілері» атты шығармашылық жұмыстары көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмеде жас суретшілердің түрлі техникамен орындалған жарқын және шынайы жұмыстары ұсынылды. Әр сурет балалардың әлемді ерекше қабылдауын, олардың қиялын, ішкі үйлесімділігін және өз шығармашылығымен бөлісуге деген ұмтылысын көрсетті. Көрменің басты мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ инклюзивті білім берудің маңыздылығына қоғамның назарын аудару және әр бала үшін тең мүмкіндіктер жасау болды.
Жас қатысушылар үшін ұйымдастырушылар жүректерге жылу берер мерекелік бағдарлама мен құттықтаулар дайындап, қолдау білдірді. Қостанай облысының «Бирлик» әзірбайжан қауымдастығының төрағасы Гаджибалаев Рафаил Сададдиноглы балаларға тәтті сыйлықтар ұсынды. Демеушілердің көңіл бөлуінің және қатысуының арқасында мереке ерекше көңілді болды және балаларға көптеген қуанышты әсерлер сыйлады.
Қонақтар «Отражение» студиясының педагогтарына еңбектері, шыдамдылығы және балалардың талантын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus