Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әдеп өнері: әдет туралы ғылым»
04.06.2026
4 маусымнан бастап Абонементтер бөлімінде мінез-құлық мәдениеті, қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне арналған «Әдеп өнері: әдет туралы ғылым» атты кітап көрмесі ашылды. Көрме материалдары кез келген адамға қоғам ішінде өзін сенімді сезінуге және басқалармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Көрмеде өмірдің түрлі салаларындағы әдептің негізгі принциптерін: іскерлік және зайырлы қарым-қатынасты, сөйлеу мәдениетін, дастарқан басындағы, қоғамдық орындардағы және цифрлық кеңістіктегі мінез-құлық ережелерін ашатын басылымдар ұсынылған. Мысалы, Ильясова Ж. «Бизнес-этикет», Ғабитов Т. «Қазақ этикасының теориясы мен тарихы», Джанабаева Г. «Этика. Эстетика. Этике», «Этикет на все случаи жизни» және т.б.
Көрме мәдени сауаттылықты арттыруға, басқаларға құрмет көрсете білетін және әдепті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ күнделікті өмірде және кәсіби жұмыста әдептіліктің маңыздылығын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Барлық тілек білдірушілерді 04-25 маусым аралығында жұмыс істейтін көрмеге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus