Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бабалардың емшілік өнері»
10.08.2026
Абонементтер бөлімінде «Бабалардың емшілік өнері» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрме халықтық және дәстүрлі емес медицинаға арналған, онда әлемнің әртүрлі халықтарының денсаулықты сақтау мен ұзақ өмір сүруге қатысты көп ғасырлық тәжірибесі жинақталған.
Көрмеде өсімдіктердің емдік қасиеттері, халықтық емдеу тәсілдері, дұрыс тамақтану құпиялары, аурулардың алдын алу және иммунитетті нығайту туралы кітаптар ұсынылған: К. Айдарханұлы «Қазақ емшілігі», М. Буров «Народный лечебник», Г. Ужегов «Большая семейная энциклопедия народной медицины».
Әсіресе әртүрлі елдердің халықтық медицина дәстүрлеріне, соның ішінде шығыс елдерінің емдеу тәжірибелеріне, тибет, қытай және үнді медицинасына ерекше назар аударылған: А. Коллер «Гимнастика монахов Тибета», М. Лао «Китайская медицина на каждый день…», О. Ханиш «Йога для укрепления спины и суставов».
Оқырмандар әртүрлі мәдениеттердің емшілік білімдерінің бай мұрасымен танысып, денсаулықты табиғи жолмен сақтаудың тәсілдері туралы біледі және салауатты өмір салтын ұстану үшін пайдалы ұсыныстар таба алады. Көрме денсаулығын сақтауға, өмір сапасын арттыруға және уақыт сынынан өткен даналықты танып-білуге ұмтылатын барлық оқырмандар үшін қызықты болады.
10-28 тамыз аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus