Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жалғасын тапқан тарих: винил»
11.08.2026
11 тамыздан бастап Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Винилді күйтабақтар күніне арналған «Жалғасын тапқан тарих: винил» атты көрме-танысу ұйымдастырылды.
Көрме келушілерді көптеген онжылдықтар бойы музыкалық жазбаларды негізгі сақтаушы және тасымалдаушы болған винилді күйтабақтардың пайда болу және даму тарихымен таныстырады. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына қарамастан, винил бүгінгі күнге дейін музыка әуесқойларын ерекше дыбысымен, безендірілу эстетикасымен және қайталанбас атмосферасымен өзіне тартуды жалғастыруда.
Көрмеде дыбыс жазу тарихы, танымал орындаушылар мен музыкалық коллекциялар жайында, сондай-ақ винил мәдениетіне деген қызығушылықтың қазіргі кездегі қайта жандануын баяндайтын кітаптар, журнал мақалалары және суретті материалдар ұсынылған. Келушілер күйтабақтардың жасалу тарихы, оларды сақтау ерекшеліктері және винилдің музыкалық өнердің дамуына қосқан рөлі туралы қызықты мәліметтермен таныса алады.
Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus