Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Абай – даналықтың дара шыңы» | 12.08.2026 | 12 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай күніне арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің 2-құтқару батальонының әскери қызметшілеріне қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай – даналықтың дара шыңы» атты ақпараттық сағат өткізді. Қатысушылар оның өмірінің негізгі кезеңдерімен танысып, Абайдың әдеби және философиялық мұрасының маңызын білді, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын бейнематериалдарды тамашалады. Іс-шара барысында қатысушыларға ағартушы шығармашылығының тереңдігі мен даналығын тереңірек сезінуге мүмкіндік беретін ұлы ақынның өлеңдері оқылды. Абай өлеңдеріне жазылған әндердің бейнежазбаларын тамашалау іс-шараға ерекше атмосфера сыйлады. Бұл әндер оның поэзиясының қазақтың музыка мәдениетімен ажырамас байланысын көрсетті. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|