Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Арлан шебердің арналы әлемі» | 18.08.2026 | 14 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Kostanay Book Fair» кітап жәрмеңкесі аясында талантты суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері Арлан Аңқауовпен «Арлан шебердің арналы әлемі» атты шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге келген қонақтар шеберді жүрекжарды құттықтап, оның талантына таңданыстарын білдірді және сәндік-қолданбалы өнердің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ризашылықтарын жеткізді. Кездесу барысында Арлан Анқауов өзінің шығармашылық жолы, шабыт көздері, авторлық туындыларын жасау ерекшеліктері және ұлттық көркемөнер дәстүрлерін сақтаудың маңызы туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар шебердің қайталанбас шығармашылық әлемімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және суретшімен жылы әрі достық жағдайда емін-еркін сұхбат құру мүмкіндігіне ие болды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|