Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Экскурсия» | 24.08.2026 | 24 тамызда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Батыс Қазақстан облысынан келген қонақтарға экскурсия өткізді. Туризм және экология бойынша өңірлік балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары кітапханамен, кітап қорымен және оның оқырмандарға ұсынатын мүмкіндіктерімен үлкен қызығушылықпен танысты. Балалардың көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты кітап көрмесіне қызығушылық танытқаны көңілге ерекше қуаныш ұялатты. Белгілі ұстаздың өмірі мен еңбегі туралы ыбырайтанушы Биялаш Сүйінкина айтып берді. Мұндай экскурсияларды өткізу өте маңызды, өйткені балалардың кітапқа және кітап оқуға деген шынайы қызығушылығын көру әрқашан өскелең ұрпаққа деген сеніміңді бекіте түседі. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|