Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханадағы Қарттар күні: жылылық пен қамқорлыққа толы кездесу
30.09.2026
Халықаралық қарттар күні қарсаңында кітапхана қабырғасында ардақты ардагерлеріміз пен зейнеткерлерімізге – тәжірибесі, даналығы мен игі істері қоғамның баға жетпес байлығына айналған жандарға арналған жылы әрі әсерлі кездесу өтті.
Мерекелік бағдарлама шын жүректен шыққан құттықтауларды, шығармашылық нөмірлерді және дидарласу қуанышын біріктірді.
Ерекше ықылас пен қамқорлық атмосферасында биыл мерейтойын атап өтіп жатқан жандарға алғыс сөздер айтылды. Оларға естелік құттықтау хаттар табысталып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және сарқылмас күш-қуат тілеген жүрекжарды ақжолтай тілектер айтылды.
Кездесудің көркін концерттік бағдарлама аша түсті. Өткен жылдардың әуендері, жүректен шыққан әндер мен шығармашылық өнер көрсетулер жиналғандарға мол эмоция, өткенге деген сағыныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қонақтар бір-бірімен қуана әңгімелесіп, естеліктерімен бөлісті және кітапхана ұжымының құттықтауларын қабыл алды.
Қымбатты ардагерлер және аға буын өкілдері! Сіздерге еңбектеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз бен даналықтарыңыз, қолдауларыңыз бен мейірімдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздер – біздің мақтанышымыз әрі өмірлік бағдарымызсыздар! Сіздерге зор денсаулық, жан тыныштығын, жылулық пен жақындарыңыздың мейірімі мен ықыласын тілейміз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus