Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Республика күні – бабалар арманы орындалған күн»
15.10.2026
Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасы күніне орай еліміздің бай тарихи және мәдени мұрасына арналған «Республика күні – бабалар арманы орындалған күн» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен табиғатына арналған кітаптар мен материалдар, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін көрсететін басылымдар қойылған. Отан тарихындағы айтулы оқиғаларға, маңызды саяси өзгерістерге және елдің егемендікке жету жолындағы жетістіктеріне ерекше назар аударылған.
Көрмеге қойылған басылымдардың қатарында «История суверенного Казахстана», Ә. Нысанбаевтың «Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару» атты еңбегі, «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: оқиғалар жылнамасы», сондай-ақ Б. Аяғанның «Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991–2014)» атты кітабы бар.
Қазақстан тарихының маңызды беттерін қамтитын көрме тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңіндегі негізгі оқиғалармен таныстырады және елдің одан әрі дамуына негіз болған елеулі өзгерістерді көрсетеді. Көрме елдің өткен тарихына үңілуге, егемендікке қол жеткізудің маңызын тереңірек түсінуге және қазіргі Қазақстанның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Барлығыңызды көрмені тамашалауға шақырамыз. Көрме 15 қазаннан бастап жұмыс істей бастайды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus