Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Практикалық диалог: тәжірибе және кәсіби машықпен алмасу
16.10.2026
«Кітапхана – ұлт руханиятының тірегі: мұра, мүмкіндік, мақсат» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында секциялық алаңда тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған облыстың толықтырушыларының кездесуі өтті.
Қатысушылар құжаттарды қабылдау, есепке алу және есептен шығару мәселелерін қарастырып, күнделікті жұмыс барысында туындайтын міндеттерді шешудің тәжірибелік жолдарымен бөлісті. Деректерді жүйелеу, есепке алу үдерістерін жеңілдету және толықтырушының жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Excel бағдарламасын пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Ашық диалог барысында әріптестер стандарттан тыс жағдайларды талқылап, пайдалы тәжірибелерімен бөлісті және жұмыс үдерісін тиімді ұйымдастырудың озық тәсілдерімен алмасты.
Мұндай іс-шаралар мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тиімді жұмыс әдістерін енгізуге және облыс мамандары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus