Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Туған өлкеге поэтикалық сыйлық
19.10.2026
Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Лисаков қаласының 55 жылдығына арналған Лисаков авторларының өлеңдер жинағын сыйға тартты.
Жаңа басылым туған қалаға, оның тарихына, адамдарына және далалық өлкенің қайталанбас сұлулығына деген сүйіспеншілікті жырлаған өзіндік поэтикалық туындыға айналды. Жинақ беттерінде шығармашылықты жеке сезімдерін жеткізудің, маңызды оқиғалар туралы естеліктерді сақтаудың және туған жерге деген сүйіспеншілікті келер ұрпаққа аманаттаудың жолы деп білетін лисаковтық әртүрлі буын өкілдерінің үндері тоғысты.
Өлеңдерде ұрпақтар сабақтастығы, еңбекке деген құлшыныс, адамның туған жерімен байланысы тақырыптары көрініс тапқан. Әрбір шығарма Лисаков қаласының бейнесін, өзіндік болмысын және рухани атмосферасын өзінше ашады.
Жинақ оқырмандарға жергілікті авторлардың шығармашылығымен танысуға және қаланың мәдени өмірін тереңірек білуге мүмкіндік береді.
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы құнды сыйлығы және Қостанай облысының әдеби мұрасын сақтауға қосқан үлесі үшін Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесіне алғыс білдіреді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus