Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Эмоционалдық интеллект: кітапқұмарлар неге адамдарды жақсырақ түсінеді»
05.11.2026
Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында Қостанай қ. № 22 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі – эмоционалдық интеллектке және оның көркем әдебиет оқумен байланысына арналды.
Еркін әңгіме барысында жоғары сынып оқушылары жүргізушімен бірге қазіргі заманда тек жоғары академиялық білімнің болуы жеткіліксіз екендігі туралы ой қозғады және эмоционалдық интеллектінің бес негізгі құрамдас бөлігін: өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, мотивация, эмпатия және әлеуметтік қарым-қатынас орната білу мәселелерін жан-жақты талқылады.
Кездесудің практикалық бөлімі – «Эмоционалдық детектив» атты интерактивті жаттығу оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оның барысында оқушылар күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайлардағы жасырын эмоцияларды тануды, емтихан алдындағы күйзеліспен күресуді және эмоционалдық қобалжудан құтылуды үйренді.
Ф. М. Достоевскийдің психологиялық шығармалары – «Преступление и наказание» және «Подросток» романдары негізінде қатысушылар кітап оқудың адамның жан дүниесіне терең үңілуге, тәкаппарлық пен жастарға тән максимализмнің тұзақтарын тануға, сондай-ақ айналасындағыларға жанашырлықпен қарауға үйрететінін талдады.
Іс-шара соңында «Көмекке келген кітаптар» атты ұжымдық жаттығу өткізілді. Оның барысында жоғары сынып оқушылары өздерін және айналасындағы адамдарды жақсырақ түсінуге көмектескен кітаптардың атауларымен бөлісті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus