Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кетбұға мұрасы: Ұлы күй дәстүрі»
09.11.2026
Абонементтер бөлімінде ұлы жыршы әрі күйші Кетбұға дәуірінде дүниеге келген әйгілі «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрмеде әйгілі шығарманың шығу тарихы мен рухани мәні туралы, сондай-ақ жыршының бай музыкалық-поэтикалық мұрасы туралы баяндалады.
Көрмеге Кетбұғаның өмірі мен шығармашылық жолын, қазақтың күй өнерінің дамуы мен ұлттық өнер дәстүрлерін танытатын кітаптар, мерзімді басылымдардағы мақалалар және басқа да материалдар қойылған.
Көрме келушілері «Ақсақ құлан» аңызы туралы қызықты деректермен танысып, қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің көрнекті өкілдері жайлы мағлұмат алады.
Көрме материалдары күйлер мен халық аңыздары арқылы қазақ халқының тарихи жады мен рухани құндылықтарының қалай сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқанын көрсетеді.
9 және 27 қараша аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus