Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Асылхан Мүсәпіров – қазақ мәдениетінің алтын тұлғасы»
17.11.2026
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде көрнекті мәдениет қайраткері, талантты музыкант, ұстаз әрі ұйымдастырушы Асылхан Мүсәпіровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Асылхан Мүсәпіров – қазақ мәдениетінің алтын тұлғасы» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме келушілерді Асылхан Жақияұлы Мүсәпіровтың өмір жолымен және сан қырлы шығармашылық мұрасымен таныстырады. Есімі отандық мәдениет тарихына алтын әріптермен жазылған тұлғаның өнегелі өмірі мен мәдениет саласына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен насихатталады.
Көрмеге Асылхан Жақияұлының өмірі мен еңбек жолының кезеңдерін баяндайтын кітаптар, энциклопедиялық басылымдар мен мұрағаттық материалдар қойылған. Сондай-ақ оның өңірдің мәдени өмірін дамытуға қосқан үлесін көрсететін мерзімді баспасөз жарияланымдары, замандастарының, әріптестері мен шәкірттерінің естеліктері ұсынылған. Экспозициядан тұлғаның жасампаздық жолын көрсететін фотоматериалдар мен құжаттарды, елге сіңірген еңбегі үшін берілген «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағын және қоғамның басқа да құрмет белгілерін көруге болады.
Көрме көрнекті өнер қайраткеріне құрмет көрсетіп қана қоймай, жастардың, шығармашылық мамандықтарда білім алатын студенттердің және өнер сүйер қауымның қазақ халқының бай рухани мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Баршаңызды көрмені көруге және даңқты жерлесіміздің өмірімен және шығармашылығымен танысуға шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus