Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кейіпкерміз ойнайтын өз орны бар»
25.11.2026
25 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті актер, режиссер, ақын, драматург әрі тележүргізуші Леонид Алексеевич Филатовтың 80 жылдығына орай «Кейіпкерміз ойнайтын өз орны бар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Леонид Филатов отандық мәдениет тарихында өзіндік өшпес із қалдырды. Оның сан қырлы шығармашылығы астарлы әзілімен, ұтқыр сатирасымен, өмірлік даналығымен және адам болмысын терең түсінуімен ерекшеленеді. Оның атағын шығарған театр мен кинодағы рөлдері, сондай-ақ өзіндік авторлық қолтаңбасы қалыптасқан әдеби шығармалары болды.
Жазушының шығармашылық мұрасында «Про Федота-стрельца, удалого молодца» атты өлеңмен жазылған ертегісі ерекше орын алады. Бұл шығарма өзінің ұтқыр әзілімен, көркем әрі бейнелі тілімен және көтерген тақырыптарының өзектілігімен оқырмандардың жүрегінен орын алған.
Кітап көрмесінде Леонид Филатовтың өмірі мен шығармашылық жолы, әдеби мұрасы және сахналық еңбектері туралы материалдар ұсынылған. Экспозиция келушілерді автордың сүйікті шығармаларын еске алуға, өмірінде орын алған қызықты деректермен танысуға және шығармашылығы бүгінгі күні де оқырмандар мен көрермендердің жүрегінен орын тауып келе жатқан өнер иесінің жаңа қырларын ашуға шақырады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus