Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлтының келешегін ойлаған ұстаз»
26.11.2026
26 қарашада Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ-нде Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасына арналған «Ұлтының келешегін ойлаған ұстаз» атты әдеби қонақжай өткізді.
Жүргізушілер оңалту орталығында демалушыларды жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен және шығармашылығымен таныстырып, оның ағартушылық жұмысымен байланысты қызықты деректермен бөлісті. Кездесуге бөлімнің тұрақты оқырмандарының өнер көрсетуі ерекше әсер сыйлады: олар автордың өлеңдерін оқып, тыңдармандарға ақын сөздерінің тереңдігін жеткізді. Сондай-ақ іс-шара аясында ағартушының өмірі мен жұмысына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кездесу соңында қатысушылар кітаптармен үлкен қызығушылықпен танысып, өз әсерлерімен бөлісті. Қонақтар іс-шараның танымдық маңыздылығын атап өтіп, Ыбырай Алтынсариннің бай тарихи мұрасы туралы көбірек білгісі келетіндіктерін білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus