Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Отанының отағасы
10.11.2015

«Оқымыстылар ортамызда» клубының аясында ХХ ғасырдағы ірі ойшылдардың бірі, ғалым, философ, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, еуропалық мәдениеттің теоретигі Михаил Михайлович Бахтинның туғанына 120 жыл толуына арналған «Отанының отағасы» портрет-кеші болып өтті.

Михаил Бахтинның ғылыми мұрасы гуманитарлық ойдың философия, филология, мәдениеттану, психология секілді түрлі саласының көптеген зерттеушілерінің қызығушылығын тудырып келеді.

            Клубтың жұмысына А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Д. М. Легкий; А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры, ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың авторы Ю. Я. Бондаренко; Қостанай мемлекетік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Қостанай қ. құрметті азаматы, А.Байтұрсынов және Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты, өлкетанушы, Қостанай облысының тарихы жөніндегі кітаптар мен монографиялардың авторы И. К. Терновой; А.Байтұрсынов ат. ҚМУ философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, тарих магистрі, Меценаттар клубының ғылым саласындағы сыйлығының лауреаты,   «Қазақстанның философиялық конгресі» ҚБ Солтүстік Қазақстан бөлімінің жетекшісі, ондаған ғылыми мақалалар мен монографиялардың авторы Д. А. Качеев секілді Қостанайдағы ЖОО танымал ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

             Ғалымдар М.Бахтинның басты идеяларының бірі болған сұхбат тұжырымдамасын, еуропалық роман теориясын, халықтардың әжуалау мәдениеті теориясын және т.б. талқылады. Тыңдаушылар  Бахтиннің Қостанайда бірнеше жыл тұрып, өзінің атақты «Творчество Франсуа Рабле и народная культура Средневековья и Ренессанса» зерттеуін жазғаны жайында құнды мәліметер алды. 

Сондай-ақ атақты философтың өмірін өз бетінше зерттеп жүрген кітапхананың тұрақты оқырманы Ирина Анатольевна Балышева сөз алып, атақты философтың Қостанайға келуін тағы да және тереңірек зерттей түсуді, сонымен қатар оның есімін қала тарихында қалдыруды ұсынды. 

Шараға орайластырылып арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне М.Бахтинның «Творчество Франсуа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса», «Эстетика словесного творчества», «Проблемы творчества и поэтики Достоевского», «К философии поступка», «Вопросы литературы и эстетики» секілді басты еңбектері және басқа да материалдар қойылды.

             

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus