Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге»
08.01.2016

Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада 2016 жылдың басты оқиғасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті. Көрменің ашылуы Қазақстан егемендігінің мерейтойына орайластырылған алғашқы шара болды.

Құрметті қонақтар жиналғандарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, қоғамдағы тыныштық пен келісімнің еліміздің басты жетістігі екендігін атап өтті. 

Шараға жиналғандарды алғашқы болып Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.К.Әміренова құттықтады. Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.К.Мақанов пен тарих ғылымдарының кандидаты, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының директоры, IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты В.Г.Вишниченко ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге жұмыс істеген сәттерін естеріне алысты. Философия ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Қ.Х.Жақып тәуелсіз Қазақстанның құрылуына ықпал еткен оқиғаларға тоқталып өтті.

«Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы Әлия Намиялы Отан туралы ән орындады. М.Горький ат. мектеп-гимназияның оқушысы, мәнерлеп оқу байқауының жеңімпазы Анна Калыгина мемлекеттік тілде Абай Құнанбаев пен Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды. Әмірхамзин Наурызбай Құрманғазының «Серпер» күйін орындады.

«Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» көрмесі тәуелсіз Қазақстанның Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап біздің кезеңге дейінгі аралықта орын алған маңызды оқиғаларын баяндайды, Қазақстан Республикасының тұрақты даму кезеңдерін көрсетіп береді. 

Экспозиция 4 бөлімнен тұрады: «Ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи тағылым», «Қазақстандық жол: Тәуелсіздік хроникасы», «Тарихтар толқынындағы Президент жолдауы», «Әлем таныған Қазақстан».

Көрменің негізгі мақсаты мен міндеттері: тарихтың мәнмәтіні шеңберінде қазақ мемлекеттілігінің көп ғасырлық тарихын көрсету, тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын көрсету.

           Экспозиция Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК ақпараттық-кітапханалық ресурстарын, тәуелсіздік жылдары ішінде шығарылған әдебиеттерді насихаттауға бағытталған.  Көрмеге Елбасының «Ұлт жоспары – бес президенттік реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламалық құжаты, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2015 жылдың 30 қарашасында арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауы және т.б. қойылған.

Көрме «Мәңгілік Ел» ұлттық идея аясында өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезімін қалыптастыруға бағытталған. 

Көрмеге Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қорынан алынған 150 астам кітап пен мерзімді басылымдар, сондай-ақ жерлесіміз Анатолий Дмитриевич Щепотьев жасаған Астанадағы әсем ғимараттардың пішіндері қойылған.

Тұрақты жұмыс істейтін экспозиция өзінің түрі бойынша тақырыптық, стационарлық болып табылады және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бірқатар мәдени-ағартушылық шараларды ашатын болады.  Көрме келушілер үшін жыл бойы жұмыс істейтін болады. 

Барлық тілек білдірушілерді «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus