Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітап – ең жақсы сыйлық»
19.04.2016

Кітап – ақылыңа ақыл сұрамайтын алтын қазына және кітап оқу қоғамның тыныс-тіршілігін түсінуге, сананың, ой-өрістің дамуына таптырмайтын құрал екені белгілі.

         23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Атаулы күнге орай  қонақжайда «Кітап – ең жақсы сыйлық» атты мәдени шара өтті. Мәдени шараға қолтаңбаларын қалдырған қаламгерлер ҰҚК органының ардагері, заңгер Ғалихан Нұржанұлы Мәулетов, композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қалибек Деріпсалдин, филология ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың оқу және тәрбие жұмысының проректоры Алмас Ахметұлы Әбсадықов қатысты.

Кеш барысында филармония әншісі Қалибек Деріпсалдин ән орындаса, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері Ибраимова Мерей, Нышанбаева Тоқжан ақын Ғайнижамал Сайманқызының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Студенттер  кеш қонақтарына сұрақтар койып, ойларымен бөлісті.

«Кітап - өмір ұстазы» атты кітап көрмесі мен презентация ұсынылды. Көрмеге авторлардың еңбектері және көрнекті тұлғалардың қолтаңбалары қойылған барлығы 36- ға жуық кітаптар қойылды. Көрме келуші қонақтар мен оқырмандардың назарына ұсынылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus