Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Отаншылдықтың үлгісі – Олжас
20.05.2016

Ойшыл оқырмандар мен поэзияның талғампаздары үшін абонементтер бөлімінде ақын, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтың туғанына 80 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

         Оның поэзиясы қазақ халқының өмірін, қуанышты да қайғылы оқиғаларын ортаға салады. Ақынның шығармаларынан халықтың рухы мейлінше толық көрініс тапқан.  Олжас Сүлейменов қазақ жерінен шыққан ең танымал ақын, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

         Көрмедегі көрнекті жерлерге «Аз и Я» және «Таңбалар тілі» - «Язык письма» филологиялық зерттеулері, «Қыш кітап» - «Глиняная книга» поэтикалық жинағы, «Айналайын»  поэтикалық кітабы, сондай-ақ «Таңдамалы туындылар», «Сүмбіле жұлдыз», «Мосты», «Повторяя в полдень», «И в каждом слове улыбался бог» өлеңдер мен поэмалар жинағы және т.б. қойылған.

         Арасында Ө.Күмісбаеваның «Алтын қазық» зерттеуі, О.Жақсановтың «Елім деп соққан жүрек» эссесі, Ж.Аупбаевтың «Ғұмыр - дария» очерктері, «Феномен Олжаса» мақалалар жинағы, С.Досановтың «Великие уходят, чтобы остаться» публицистикалық толғанысы бар Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар да қызықты дүниелер болып табылады.

         Кітап көрмесі жұмысын 2016 ж. 5. 06 дейін жалғасыратын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus