Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Рудныйға түскен «Әдеби десант»
24.05.2016

Өлең оқу дәстүріне қолдау көрсету, облыс аумағының тұрғындарын қостанайлық ақындармен таныстыру мақсатында әдеби орталық «Әдеби десант» жобасы аясындағы жұмысын жалғастырды. 

20.05. Рудный қ. биылғы маусымдағы алғашқы сапар орын алып, қалалық орталық кітапханаға сөздің бағасын білушілер: рудныйлық авторлар, № 7 және 15 ОМ оқушылары мен мұғалімдері, Рудный индустриялық институтының 1 курс студентттері мен кітапхананың белсенді оқырмандары жиналды. 

Кездесуді жүргізген Қ.Аманжол тыңдаушыларды алдымен жобамен, содан  кейін келген қонақтармен: ҚР ЖО мүшесі, ҚР ЖО Қостанай филиалының төрағасы, белгілі сатирашы Ғұмар Ахметчинмен, «Ақ қауырсын» клубының мүшелері – «Костанай - Агро» аймақтық газетінің журналисі Аслан Қанғожинмен, ҚМПИ студенті Алмас Мұратбековпен және А.Байтұрсынов ат. ҚМУ студенті Жанболат Кенжеғұлмен  таныстырды. Ғұмар Ахметчин ҚР Жазушылар одағы туралы, облысымызда тұратын ҚР ЖО мүшелері болып табылатын авторлар туралы ақпарат ұсынды. Оның «Күндіз жұлдыз көрінсе» атты жаңа кітабы жиналғандардың қызығушылығын тудырды.  Балалар кітап оқу, кітап, әдебиет туралы өздерінің пікірлерін білдіріп, өздерінің және сүйікті авторларының өлеңдерін оқыды және шараға қатысушыларды кітапты көбірек оқуға шақырды. Рудныйлық авторлардың шығармалары да қонақтардың көңілінен шықты. Кездесу соңы кітапхана оқырмандарымен арадағы ашық әңгімеге ұласты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus