Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Есірткі – бақытсыздыққа жеткізер билет»
26.05.2016

«Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» Әмбебап оқу залы жұмысының маңызды бағыттарының бірі саламатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Кітапханашылар бұл бағытта өздерінің мақсаттарын нақты анықтаған – ол балалардың ақпараттық білімін кеңейту және зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру.

 2016 ж. 20 мамырында Қостанай қ. № 30 орта мектебінің 9 сынып оқушыларының Әмбебап оқу залының кітапханашыларымен және Қостанай облысы бойынша СӨС қалыптастыру орталығының мамандарымен кезекті кездесуі болып өтті. Кездесудің тақырыбы: «Есірткі – бақытсыздыққа жеткізер билет».

Кездесу барысында негізгі әңгіме шегуге арналған қоспаларды тұтыну жайында болды.  Соңғы жылдары Қазақстанда шегуге арналған шөп қоспаларын жастардың көп тұтынуына байланысты ол есірткімен теңестірілген.

СӨС орталығының социологы Т.А.Максименконың айтуы бойынша, Қазақстанда соңғы 6-7 жыл ішінде героинды тұтынудың төмендеуі, алайда аралас қоспаларды шегетін адамдар санының артып келе жатқаны байқалған.

Шара барысында жастарды есірткінің қамытына кімдердің және қалай кіргізетіні жайында, оларды ұсынушыларға қалай қарсы тұру керектігі туралы айтылды.

СӨС орталығының психологы Е.И.Масленникова аралас қоспаларды тұтынудың алдын алуға қатысты психологиялық аспектілерді қозғаған жастардың күрделі сауалдарына жауап берді. Балалар таныстарының немесе достарының аралас қоспаларды тұтынғанын көргенде қалай әрекет ету керектігін және қайдан көмек сұрау керек екендігін білді.

Кездесудің жалғасы ретінде педагогтар, кітапханашылар, СӨС орталығының мамандары мен оқушылар бірлесе отырып «Аралас қоспалар шегу – азудың алғашқы қадамы» тақырыбына пікір аламсу ұйымдастырды және өткізді.

Екі командаға бөлінген балалардың бір тобы қоспаларды сатуға тыйым салу керек десе, екінші топ уланудың алдын алу және сатудан салық алу үшін оны заңдастыруды жақтады.  Пікір алмасу барысында синтетикалық есірткі заттарына тыйым салуды жақтаған бірінші топ жеңімпаз атанды, олар тыйым салудың маңызы мен қоспаларды тұтынудың зиянына өзге қатысушылардың көзін жеткізе білді.

          Кездесу соңында жасөспірімдердің Спайсты және басқа да аралас қоспаларды тұтынуының алдын алу бойынша фильм, сондай-ақ «Шегуге арналған қоспалар: тұңғиыққа бастар табалдырық» әдебиетінің тұсаукесері көрсетілді.

Мектеп кітапханасында күні бойы «Шегуге арналаған қоспалар – аңыз бен шындық» атты кітап көрмесі жұмыс істеді. Көрмемен № 30 мектептің 220 оқушысы танысты.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus