Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Дағыстандағы «Орыс мәдениетінің алуан түрлілігі» фестивалі
16.09.2016

2016 жылдың 5 және 11 қыркүйегі аралығында Расул Ғамзатов атындағы Хасавюрт орталық қалалық кітапхана «Орыс әлемі» қорының және басқа да мемлекеттік, муниципалды, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың қолдауымен «Орыс мәдениетінің алуан түрлілігі» халықаралық интерактивті жастар фестивалін өткізді.  

Шара жастардың Ресей аумағында және көрші елдерде тұрып жатқан халықтардың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Мәскеу, Подмосковья, Хакасия, Татарстан, Удмурт, Эстония, Қазақстан кітапханаларының қызметкерлері өз халықтарының материалдық және рухани мәдениетін жиналғандардың назарына ұсынды.

Қазақстан Республикасы атынан Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Дәуренбекова Дариға Асқарқызы қатысты.

Фестивальға қатысушылар Дағыстанның үш ауданында, Хасавюрт және Махачкала қалаларында болды, бұл жерде жастар үшін өз өңірлері бойынша «Тарих және география» ойын-саяхаты өткізілді және «Біз бәріміз – Ресейлікпіз» әдеби-сазды композициясы көрсетілді.  Фестивальда жұмыс істеген «Ресейдің шынай шеберлері» халық қолөнері көрмесіне халық шеберлері жасаған бұйымдар қойылды.

Расул Ғамзатов атындағы Хасавюрт орталық қалалық кітапхана әріптестері үшін оқырмандармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін енгізудің үлгісі болып табылады.

Қонақжай дағыстан жерінде ұйымдастырылған фестиваль жиналғандардың еркін әңгімелесуіне, өскелең ұрпақтың көп ұлтты елдің рухани-адамгершілік құндылықтарына ортақтастық сезімдерін дамытуға жағдай жасады. Дағыстан қонақтары республиканың көрікті табиғи жерлері мен тарихи орындарын тамашалады, бірқатар мұражайларда болды,  «Ресей халықтарының ассамблеясы» бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Дағыстан өңірлік бөлімінің төрағасы З.З.Ильясовпен, Дағыстан Республикасы Баспасөз және ақпарат министрі Б.М.Токболатовамен, «Молодежь Дагестана» республикалық газетінің бас редакторы А.Г.Абашиловпен,  Расул Ғамзатов қорының вице-президенті Г.Н.Азизовамен кездесті.

Алтыншы шақырылған Ресей Федерациясының Федералдық жиналысы мемлекеттік думасының Мәдениет бойынша комитетінің төрағасы С.С.Говорухин, Дағыстан Республикасы Мәдениет министрі З.А.Бутаева, Силламяэ қ. (Эстон Республикасы) қалалық жиналысының төрағасы Е.Коршунова, Хакасия Республикасының Мәдениет министрі С.А.Окольникова, Черногор қ. (Хакасия Республикасы) басшысы  В.В.Белоногов, Черногорск қ. әкімшілігінің Мәдениет, жастар және спорт комитетінің жетекшісі И.Ю.Церковная, Удмурт Республикасының  Мәдениет және туризм министрі В.М.Соловьев, жазушылар Гузель Яхина (Татарстан), Людмила Улицкая фестивальды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өздерінің тілектерін жеткізді.

Қазақстан Республикасы атынан сөз алған қостанайлық ақын, қоғам қайраткері Александра Ильинична Суслова Кеңес одағының ыдырап кеткеніне ширек ғасыр болғанымен бұрынғы үлкен елді көрген, бір кезде ортақ тарихты, дәстүрді және тілді пайдаланған үлкендердің өзара түсіністік пен достықты ұмытпайтынын жеткізді. 

КСРО-ның әрбір ұлттық республикасы өз жолын таңдап алды, бұл халықтардың өз таңдаулары.  Алайда көрші Ресейдің алуан түрлі мәдениетіне және үлкен елдің өз жұрты мен көрші елдердің халықтарын жақындатып отырған орыс тіліне құрметпен қарау сақталып қалды, ол нығая түсуде және болашақта да бола бермек.

Қазақ халқының ағартушысы кемеңгер Абай Құнанбаев ХХ ғасырдың басында жазған «Қара сөздер» деген күрделі еңбегінде келер ұрпаққа «Орыс тілінде білімнің, өнердің және басқа да қыруар құпиялардың жасырынып жатқанын» айтқан болатын. Олай болса, фестиваль орыс мәдениетінің жаңа  қырларын танытатын танымдық мереке және  Ресей халықтарын біріктіре түсетін шаралардың бірі бола берсін. Ендеше, оқиғаның әр сағатын жарқын да маңызды қыла түсу үшін фестивальдің әрбір қатысушысы өзінің ұлттық мәдениетінің тамшыдай ғана бір бөлігін ортаға салсын.

Ресей Федерациясының түрлі өңірлерінің және көрші мемлекеттердің бай тарихи-мәдени мұраларымен танысу қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды, этномәдени әр алуандық пен өзіндік дәстүрлерді насихаттауға көмектесті, өзара жарастық пен достық байланыстың дамуына ықпал етті.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар фестиваль Эстония мен Қазақстан жерінде жалғасын тапса деген тілек білдірді.

 

Фестивальдің жұмыс туралы толық ақпаратты https://www.facebook.com/events/316676508670429/

сілтемесінен алуға болады.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus