Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерліске - 100 жыл»
22.09.2016

21 қыркүйек күні  «Оқымыстылар ортамызда» клубы жұмысының аясында «Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерліске – 100 жыл» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті  тарих ғылымдарының докторы, профессор, зерттеуші,  мемлекеттік тілде шыққан тарих әдіснамасы жөніндегі алғашқы оқулықтың авторы Аманжол Күзембайұлы өткізді.

Дәріске ҚМПИ оқытушылары мен студенттері қатысты. Аманжол Күзембайұлы студенттердің 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтерліс жайында қойған көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Бұл оқиға жайында жүздеген еңбектер жазылды,   Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін де ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Алайда, Аманжол Күзембайұлы өкінішке орай бұл зерттеулердің әлі күнге жеткіліксіз екендігін атап өтті. Торғай жерінде орын алған ұлт-азаттық көтерлісі тақырыбы толық зерттеліп болған жоқ, жас ұрпақ ғылыми зерттеулермен айналысып, еліміздің тарихын дамытуға әлі де болса үлес қоса алады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus