Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жүрегіңнен жыр төгілер сәт» поэтикалық салоны
17.03.2017

Дүниежүзілік поэзия күні жыл сайын 21 наурызда аталып өтіледі. Бұл күн босқа таңдалмаған: күн мен түннің көктемгі теңесуі дәстүр бойынша табиғат пен адамның жаңаруының және шығармашылығының басы болып табылады. «Поэзия» сөзінің өзі гректің «poieo» - жасау, тұрғызу, құрастыру деген сөзінен шыққан. Л.Толстой ат. ОӘҒК осыған орай 17 наурыз күні «Жүрегіңнен жыр төгілер сәт» атты поэтикалық салонын өткізді.

Оған белгілі қостанайлық әдебиетшілер, қаланың әдеби бірлестігінің өкілдері, поэзияны ұнатушылар қатысты. Салонның иесі міндетін мойнына алған Көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Инара Ахмадуллина алдымен жас авторлардың шығармашылыққа қалай келгендерін сұрады. Бұл сауал әсерлі әңгіменің туындауына себеп болып, әңгіме барысында жастар да, аға буын өкілдері де өздерінің өлең жазуды қалай бастағандары, шығармашылықтары жайында айтып берісті және өз өлеңдерін оқыды.

Көптеген қатысушылар «Батаңды бер, сұлу сөз» атты кітап көрмесімен қызыға танысты. Оның атауы тағдыры аянышқа толы жас ақын Ника Турбинаның өлеңінен алынды. Никаның өлең оқып тұрған сәті бейнеленген бейнеролик салонның жан толқытар сәті болды.

Кеш барысында қостанайлық бард Дмитирий Корой Сергей Есениннің, Николай Добронравовтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus