Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ардагерлер – еліміздің мақтанышы
03.05.2017

3 мамырда кітапхананың конференция залында Жеңіс күніне және Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Ардагерлер – еліміздің мақтанышы» атты кездесу болып өтті.  

Кездесуге Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Михаил Иванович Подоляков  пен Қасымхан Алдабергенов, Қостанай қ. құрметті азаматы Семенова Вера Григорьевна, қалалық  Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Көпеш Беген Қаженұлы қатысты.  

Қонақтар соғыстың ауыр жылдары туралы, Ардагерлер кеңесінің құрылуы және 30 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы айтып берді.

        Кездесуге қатысқан «ҚР ІІМ    Ш.Қабылбаев ат. Қостанай академиясының» курсанттары мен ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасының әскери қызметшілері ардагерлерге ұлы ерліктері үшін алғыстарын білдірді және оларға ұзақ өмір тіледі. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus