2017
жылдың 15 тамызында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залы кеңестік,
қазақстандық партия қайраткері, дипломат, төтенше және өкілетті елші дәрежесі
бар Мәлік Сабырұлы Фазыловтың туғанына 90 жыл толуына арналған ақпараттық сағат
өткізді.
Дипломатия өркениетті соғыстың нәзік қаруы
деген ұғым қалыптасқан. Жерлесіміз Мәлік Фазыловтың өмірі мен еңбек жолы оған айқын үлгі бола алады. Дипломатиялық қызметін ол 1976 жылы Малиде
бастап, 1990 жылы Мароккода аяқтады. Еңбек еткен жылдары Мәлік Сабырұлы жоғары
марапаттарға ие болды, ол Малидің "Офицер"
ұлттық орденімен және Алауиттердің корольдік
әулетінің І дәрежелі "Үлкен
лента" орденімен марапатталды.
Елшінің Отаны да оның еңбегін елеусіз қалдырған
жоқ, ол екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы және "Құрмет
белгісі" ордендерімен,
көптеген медальдармен марапатталды.
Мәлік Сабырұлы өнегелі де жарқын өмір сүрді.
Орталық сквердің сахнасында өткен ақпараттық
сағатта осылар және тағы басқалар жайында айтылды. Шараға қосымша ретінде
дипломаттың өмірі мен еңбегінен хабар беретін материалдар қойылған кітап
көрмесі ұйымдастырылды. |