Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
26 және 27 қазан күндері Л. Н. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханада облыстың басты кітапханасының 80 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
30.10.2017

  Осы күндері Қостанайға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресейден (Екатеринбург, Новосібір, Орынбор, Челябі) делегация, Қазақстан Республикасындағы АҚШ пен Ұлыбритания елшіліктерінің өкілдері келді.  Конференцияның құрметті қонақтары ретінде көпшіліктің назарына өзінің «Времён связующая нить» атты жаңа кітабын ұсынған филология ғылымдарының кандидаты, ҚР көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері Әуезов Мұрат Мұхтарұлы,  өзінің шығармашылық кешін өткізген ақын, Қазақстан журналистер академиясының толық мүшесі және Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі Есдәулетов Ұлықбек Оразбайұлы, «Мысль» журналының бас редакторы Сандыбай Аяған Өтенұлы, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан журналистика академиясының президенті Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы қатысты. 

Пленарлық отырыс І.Омаров ат. Қостанай облыстық қазақ драма театрында өтті.  Оның модераторы ретінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы сөз сөйлесе, жиналғандарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Жүндібаев Марат Қонысбайұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы, Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Диская Наталья Ивановна, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Рэн Элхай құттықтады.

       Кәсіби жұмыс бір мезгілде жүргізілген төрт секциямен жалғасып, оларда барлығы 39 баяндамашы баяндама жасады.  Жұмыс кезінде қазіргі кезде өзекті мәселеге айналып отырған ««Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкетану ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері және келешегі», «Кітапханаға оқырмандар тарту жұмыстарының инновациялық түрлері», «Кітапхананың өңірдің ақпараттық және білім беру саласындағы ықпалдастыру қызметі: Қазақстандағы Америка бұрыштарының жұмыс тәжірибесі», «Кітап оқуға қолдау көрсетудің нәтижелі технологиялары: идеялар мен практикалар ауқымы» (балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалар секциясы) секілді тақырыптар талқыланды. Қатысушылар өлкетанушылық ақпаратты тарату тәжірибелерін, оқырмандармен жүргізіп жатқан  жаңа жұмыс түрлерін, әлеуметтік желілердегі ынтымақтастықтың жемісті жолдарын ортаға салысып, кітапханалардың кітап оқуды насихаттаудағы, қоғамның ақпараттық, мәдени және рухани дамуы жолындағы рөлін қарастырды. Секциялық сабақтар барысында кітап оқу стратегиясы бойынша екі шеберлік сыныбы өткізіліп, тыңдаушылар «Ағылшын тілінің оқытушылары мен тілді үйренушілерге арналған онлайн ресурстарының, вебсайттарының» және «Британ кеңесінің ағылшын тілін үйрену үшін жасаған ресурстарының» мүмкіндіктерімен танысты. Пленарлық және секциялық отырыстарға екі жүзден астам адам қатысты. «WEB-RABIS: кітапханаларға арналған жаңа жүйе» (ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және  ҚР Ұлттық кітапханасының Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Есқалиева Нұрия Аманғалиқызы өткізді), «Баспасөздегі сауаттылық» (жаттықтырушы, «IREXEurope» қорының өкілі Асанбаева Гүлнар Досқалиқызы өткізді), «Күйзелісті көтере білу» (блогер, жаттықтырушы Алексанин Владимир Вадимович өткізді) тренингтері конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. «Алаш» қозғалысының 100 жылдық мерейтойлық қозғалысына орайластырылып қостанайлық ақын, жазушы, драматург, публицист Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кеші ұйымдастырылды және кеш барысында жерлесіміз құрастырған «Алаш» қозғалысының белсенді қайраткерлерінің бірі Елдес Омарұлының «Шығармалары. Сочинения» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Конференцияға қатысушылардың барлығының баяндамалары «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» (Л.Н.Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК 80 жылдығына арналған): 2017 жылдың 26-27 қазанындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары» жинағында жарияланды

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданып, онда қатысушылар Қостанай облысының әкімдігіне, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасына, Қалмақов Ерлан Болатұлының өзіне, конференцияның ұйымдастыру комитетіне, Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК басшылары мен қызметкерлеріне шараны жақсы ұйымдастырғандары үшін ризашылықтарын білдіріп, мұндай конференцияны өткізу кітапхана қауымдастығының ішінде ғылыми-ұйымдастырушылық байланыстарды кеңейтудің және тереңдетудің ең тиімді жолдардың бірі екендігін атап өтісті, сондай-ақ олартың тарапынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапхана мамандарына мұражайлар мен мұрағаттар қызметкерлерімен бірлесе отырып олардың қорларында сақтаулы тұрған мәдени-тарихи мұраларды насихаттауды кеңінен және белсенді жүргізуді, мәдени және білім берушілік жұмыстарды дамытуды, өлкетану бойынша электронды деректер базасын, интерактивті және мультимедиялық ресурстар жасау жұмыстарын белсенді жүргізуді және оларды сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы насихаттауды, БАҚ кеңінен жариялай отырып кітапхана ісі саласындағы зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету және оларды дамыту, кітапхана алдында тұрған келелі мәселелерді шешу үшін мүмкіндігінше билік органдарымен, әлеуметтік серіктестіктермен және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнату ұсынылды.

 Өңірімізде болып өткен ғылыми-практикалық конференция кітапхана қауымдастығы үшін ғана маңызды оқиға болып қойған жоқ, ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» = «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» бағдарламалық мақаласында жарияланған идеясын жүзеге асырудың маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеп берген және кітапханалардың бұл бағыттағы рөлінің зор екендігін көрсетіп берген мәдени жиын болды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus