Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы ма, әлде үлкен саясат мүддесі ме?» ашық сұхбаты
15.11.2017

14 қараша күні Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Алмасбек  Әбсадықовтың қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы ма, әлде үлкен саясат мүддесі ме?» атты ашық сұхбат өтті. Шара барысында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, қажеттіліктері жайлы ойлар ортаға салынып, қазақ жазуының тарихына қысқаша шолу жасалды, сондай-ақ жазуын өзгерткен басқа елдердің тәжірибелері талқыланды. Шараға ҚГК мен ҚМПИ филология бөлімінің студенттері шақырылды. Мемлекеттік тілдің болашақтағы оқытушылары үшін бұл тақырып ең өзекті мәселе болып табылатыны сөзсіз, сол себепті студенттер тарапынан қойылған көптеген сауалдарға толық және жан-жақты жауап берілді.

Шараға арналып аталған тақырып жайында әңгімелейтін кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған материалдар қойылған «Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғырудың темірқазығы» атты кітап көрмесі безендірілді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus