Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мен туралы өлеңімнен білерсің»
21.12.2017

21 желтоқсан күні Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби-ақпараттық бөлімі қостанайлық ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, алғашқы тыңгер Николай Матвеевич Ковтунның «Мен туралы өлеңімнен білерсің» шығармашылық кешін өткізді. Шығармашылығының негізгі тақырыбы – Отанға деген сүйіспеншілік, табиғат сұлулығы, адамдардың қарым-қатынасы, махаббат, достық, халқымыздың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі, тың жерлерді игеру. Аудандық, облыстық, республикалық газеттерде, «Простор», «Нива», «Берега», «PrataMartis» әдеби журналдарында, ұжымдық жинақтарда мақалалары жарияланып тұрды. Жеті кітаптың авторы.

Кеш барысында Николай Матвеевич өзі туралы және өзінің шығармашылығы туралы айтып беріп, жұртшылық назарына жаңадан жазылған және көпшілікке жақсы таныс өлеңдерін оқыды. Мерейтой иесін құттықтау үшін көптеген шығармашылық өкілдері: жазушылар, оқу орындарының оқытушылары, суретшілер, журналистер жиналды.

Кездесу түсіністік және достық ахуалда, әдеби қонақжайдың өзгелерге үлгі боларлық үздік дәстүрінде өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus