Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үлкен еңбектің үлкен адамдары»
03.01.2018

Құрметті оқырмандар!

 

2018 жылдың 03 қаңтарынан бастап өлкетану әдебиеттері бөлімінде «Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағының бекітілгеніне 80 жыл толуына арналған «Үлкен еңбектің үлкен адамдары» атты бір жылдық кітап көрмесі ашылады. 

«Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 ж. 27 желтоқсандағы жарлығымен бекітілді.

Бұл атақ өзінің ерекше жаңалығымен, іс-әрекетімен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда саласының дамуына, ғылыми және техникалық жаңалығымен халық шаруашылығының, мәдениеттің, ғылымның өркендеуіне ықпал еткен тұлғаларға берілді.

«Социалистік Еңбек Ері» атағы берілген азаматтарды өзгелерден ерекше көрсету мақсатында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1940 ж. 22 мамырдағы жарлығымен Ленин орденімен және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының грамотасымен бірге берілетін «Орақ пен Балға» алтын медалі бекітілді.

Қостанайлық Социалистік Еңбек Ерлерінің арасында егіншілер мен металлургтер, шопандар мен сауыншылар, тракторшылар мен құрылысшылар, мұғалімдер мен партия қызметкерлері, дәрігерлер мен кеншілер де бар. Әдетте олар ерлік жасадым деп ойламайтын күнделікті өмірдегі қарапайым жандар болатын. Олар тек өз істерін білді, адал еңбек етті. Олардың еңбегін Отаны жоғары бағалады.

Циклдің қаңтардағы бөлімі  осы айда мерейтойлары аталып өтілетін қостанайлық Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған.  Олар – Граур Иван Филлипович (ССКБК директоры), Кузнецов Александр Прокофьевич, (ССКБК агломератчигі), Свистула Иван Стефанович (Ждановат. астық кеңшарының механизаторы). Көрмеге кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған жарияланымдар, сондай-ақ «Социалистік Еңбек Ері» атағының тарихы жайындағы толық ақпарат қойылған.

Көрме ай сайын жаңартылып отырылатын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus