Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлы даланың ойшылы
11.01.2018

Абонементтер бөлімінде ақын, тарихшы және халық ауыз әдебиетін жинаушы М.Ж.Көпейұлының туғанына 160 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

М.Ж.Көпейұлы сарқылып болмас бай шығармашылық мұра қалдырды. Оның шығармалары адам жайындағы, өмірдің мәні жайындағы философиялық толғаныстарға толы. 

Көрмеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған жарияланымдар қойылған.

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінде 11 том болып шыққан ақынның «Қазақ шежіресі» көп томдық басылымына ерекше орын бөлінген. Басылымға М.Ж.Көпейұлының шығармалары, сондай-ақ тарихшы жинаған ақындардың әндері, хикаялар, тарихи аңыздар енгізілген. 

Көрме 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus